"Руымды тұрмысқа шыққасын бір-ақ білдім": танымал актриса өкінішін жеткізді

«Томирис» фильміндегі басты рөлі арқылы көпшілікке танылған актриса Салтанат Серкебаева жақында «Айтарым бар» подкасына сұхбат беріп, өз өмірінің күрделі сәттерімен бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Актриса әкесінен ерте айырылғанын айтып, руын ұзақ уақыт бойы қате біліп келгенін мойындады. Оның айтуынша, тоғыз жасында әкесі қайтыс болғаннан кейін, ол өзін әрдайым сары үйсін руынанбыз деп ойлап келген. Себебі әкесі солай айтқан. Алайда кейін әкесінің туыстарымен араласа бастағанда, бұл ақпараттың нақты еместігін білген. Салтанаттың айтуынша, шын мәнінде олардың руы — дулат болып шыққан. Ол бұл шындықты тұрмысқа шығып, ана атанғаннан кейін ғана анық білгенін айтады. Осы уақытқа дейін өзін сары үйсінмін деп айтып жүрген актриса енді екі ру — сары үйсін мен дулаттың арасында жүргенін жасырмайды. Сонымен қатар сұхбат барысында Серкебаева отбасы жайлы да сыр шертіп, ауыр әрі ерлікке толы шахтерлік мамандықты таңдаған анасына деген құрметін білдірді. Актрисаның шынайы әңгімесі тыңдарманды бейжай қалдырмай, оның өмір жолына деген қызығушылықты арттыра түсті.
Соңғы жаңалықтар





