Рыбакина камбэк жасап, Australian Open-2026 чемпионы атанды

31.01.2026 16:08 Айсұлу Мұрат
Рыбакина камбэк жасап, Australian Open-2026 чемпионы атанды
55
getty sport

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2026 жылғы Australian Open турнирінің жеңімпазы атанды. Мельбурнда өткен финалда ол Беларусь өкілі Арина Соболенконы тізе бүктіріп, маусымның алғашқы «Үлкен дулыға» додасында чемпиондық титулды иеленді, деп хабарлайды Politico.kz

Шешуші кездесу тартысқа толы өтті. Рыбакина ойын барысында қысымға төтеп беріп, шешуші сәттерде дәлдік танытты. Қазақстандық теннисші қарсыласының шабуылына лайықты жауап қайтарып, матчтың барысын өз пайдасына өзгерте білді. Нәтижесінде ол финалда сенімді ойын өрнегін көрсетіп, жеңісті қолдан шығармады.

Бұл жеңіс Рыбакина үшін ерекше мәнге ие. Өйткені ол Australian Open-2023 турнирінде дәл осы Соболенкоға жол беріп, жарысты ертерек аяқтаған еді. Ал араға үш жыл салып, қазақстандық теннисші сол жеңілістің есесін қайтарып, Соболенконы финалда жеңу арқылы реванш алды.

Айта кетейік, Елена Рыбакина соңғы жылдары әлемдік теннистегі ең тұрақты ойыншылардың біріне айналып, ірі турнирлерде жоғары нәтиже көрсетіп жүр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий