TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазасыз қалмады

TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазасыз қалмады
Коллаж Politico.kz

Қарағанды облысында TikTok-та тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтып, әдепсіз әрекет жасаған 34 жастағы әйелге айыппұл салынды, деп хабарлайды Politico.kz.

Полиция әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Нұра ауданының тұрғыны Динара Макашты анықтаған. Әйел полиция бөліміне жеткізіліп, сот шешімімен оған әкімшілік айыппұл салынды.

Еске салайық, бір апта бұрын осы эфирге 45 жастағы ер адамның да қатысқаны белгілі болған. Ол тікелей эфирге Көкшетаудан қосылып, бірнеше рет балағат сөз айтып, жыныс мүшесін көрсеткен.

Әдепсіз әрекеттерді жүздеген адам көрген. Кейін ер адам 30 тәулікке қамалған.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу