Рыбакина туралы тағы бір сүйінші хабар жетті
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина «Үлкен дулыға» турнирінің финалына шықты , деп хабарлайды Politico.kz.
Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылғы АҚШ ашық чемпионатының жартылай финалында жеңіске жетті
Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық теннисші US Open-2026 финалына шығу үшін әлемнің төртінші ракеткасы, америкалық Коко Гауффпен кездесті.
Матч үш сетке созылып, 3:6, 6:4, 6:4 есебімен Еленаның жеңісімен аяқталды.
Теннисшілер хард кортында 2 сағат 8 минут ойнады. Осы уақыт ішінде Елена бес эйс жасап, екі қос қателікке жол берді және бес брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.
Осылайша Елена «Үлкен дулыға» турнирінің финалына шықты. Шешуші кездесуде ол әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкоға қарсы ойнайды.
Айта кетейік, Рыбакинаның US Open-2026 турнирінің жартылай финалына өтуі оның әлемдік рейтингте бірінші орынға шығуына көмектесті. Финалдық матчтың нәтижесіне қарамастан, қазақстандық теннисші US Open аяқталғаннан кейін әлемдік рейтингтің көшін бастайды. WTA рейтингінің жаңартылған нұсқасы дүйсенбі, 14 қыркүйекте жарияланады.
Бұған дейін Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанғанын хабарлаған едік.
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады.
Соңғы жаңалықтар