"Сахнада 50 жыл": Роза Рымбаева есеп беру концертін өткізеді

15.01.2026 10:55 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
0
46
Фото: видеодан скриншот

Қазақстанның халық әртісі, аңыз әнші Роза Рымбаева сахнадағы шығармашылық жолының 50 жылдығына орай жеке концерт өткізуді жоспарлап отыр. Жарты ғасыр бойы қазақ өнеріне адал қызмет еткен әншінің бұл кеші тыңдарман үшін үлкен мереке болмақ, деп хабарлайды Politico.kz

7 ақпан Алматыдағы Республика сарайында өтетін мерейтойлық концертті естіген сәттен-ақ әншінің жанкүйерлері әлеуметтік желіде естеліктерімен бөлісе бастады. Көпшіліктің жүрегін елжіреткен жазбалар Роза Қуанышқызының өнері бірнеше ұрпақтың өмірімен біте қайнасқанын аңғартады.

Жанкүйерлердің бірі былай деп жазды:


«Студент кезімде, 1996 жылы сіздің концертіңізге барған едім. Әли кішкентай, Тасқын аға тірі еді… Қазір өзім 50 жастамын. Сол жастық шақтағы керемет сәттер әлі күнге көз алдымда».

Өнер иесінің тыңдармандары Роза Рымбаеваны бала кезінен үлгі тұтып өскенін, оның әрбір концерті рухани байлық сыйлайтынын айтып жатыр.

«Сізге бала кезден еліктеп өстім. Жүз жасаңыз»«Роза Қуанышқызының концертіне бару  мен үшін үлкен мәртебе. 1997 жылы Қызылордаға келгенде көргенмін. Таза еңбектің адамы»«Жарты ғасыр сахнада жүрген еңбегіңіздің жемісі көрінетін концерт болсын»«Өзгеге ұқсамайтын, бірнеше ұрпақтың сүйікті әншісі, қазақ халқының мақтанышы» – деп жазды олар.

Көпшілік бұл мерейтойлық кеш тек концерт қана емес, тұтас бір дәуірге жасалған тағзым болатынына сенімді. Роза Рымбаеваның 50 жылдық сахналық мерейтойы ел жадында ұзақ сақталатын, жүрекке жылу сыйлайтын ерекше сәттердің біріне айналмақ.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий