Ақтөбеде әйел айуандықпен өлтірілді: қанды сәт видеоға түсіп қалған
243
Ақтөбе қаласында 35 жастағы тұрғын кісі қолынан ажал құшты. Әйелді айуандықпен өлтіру сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Құқық қорғау органдары күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Politico.kz.
Қылмыс жасады деген күдікпен Атырау қаласының 28 жастағы тұрғыны ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында отыр.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, күдікті мен марқұм бұрыннан таныс болған. Екеуінің арасында жанжал шығып, ер адам әйелге пышақпен бірнеше рет жарақат салған. Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Ақтөбе облыстық полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қылмыстың себептері анықталуда», – деп мәлімдеді ведомство.
Қазір тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында. Оқиғаға қатысты әзірге басқа ақпарат жарияланған жоқ.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
13.10.2026
10:18
Қостанайда әйелді көлік қағып өлтірген
13.10.2026
10:11
«Өсекке тоймады-ау». Гүлзира Айдарбекова атышул...
13.10.2026
10:00
«Яндекс Go» өшкенде, inDrive такси бағасын үш е...
13.10.2026
09:51
«Онда шетел әншілеріне барып жүре беріңдер»: Қа...
13.10.2026
09:32
Ақтөбеде әйел айуандықпен өлтірілді: қанды сәт ...
13.10.2026
09:26
"350 мың теңге табыс қана емес": Қазақстанда қа...