«Сахнада шешінбесе болмай ма?»: Daricorn-ның сахнадағы стилі сынның астында қалды

15.12.2025 11:05 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Сахнада шешінбесе болмай ма?»: Daricorn-ның сахнадағы стилі сынның астында қалды
0
76
Фото: Instagram жеке парақшасынан

Блогер әрі әнші Daricorn лақап атымен танымал өнерпаз Алматыда өткен концертте сахнаға шығып, жұрттың назарын бірден өзіне аударды. Ерекше образы мен батыл стилі көрерменді екіге жарды, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Концерттен тараған видеолар әлеуметтік желіде жылдам тарап, қызу талқыға түсті. Бірі Daricorn-ның сахнадағы еркіндігін, өзіндік стилін қолдаса, енді бірі оның бейнесін тым ашық, тіпті орынсыз деп сынға алды.

Желі қолданушыларының пікірлері сан алуан:

«Неге әнші? Ондай атақты кім берген?», «Көре алмайды. Жарайсың! Айтқандар айта берсін», «Маған қатты ұнады, өте керемет», «Тоқтама! Бір күні міндетті түрде бомба хит болады», «Сахна жарасады өзіне», «Сонда мына өлең бәріне ұнай ма?», «Сахнаның сәні кетті. Кім болса сол ән айтатын болды», «Сахнада шешінбесе болмай ма?»,«Қой дейтін біреуі табылмады ма?»- деді желі оқырмандары.

Daricorn-ның өнері мен образы қоғамда талас тудырғанымен, бір анық нәрсе бар: ол бейжай қалдырмайды. Бірі қолдап, бірі сынаған сайын оның есімі ел аузында жүр. Ал бұл — бүгінгі шоу-бизнес үшін назар мен танымалдылықтың басты көрсеткіші.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий