"Сахнамен қоштасамын": Роза Рымбаева күтпеген мәлімдеме жасады
Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева сахнамен қоштасуды жоспарлап жүргенін айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі бұл туралы Qazaqstan ұлттық арнасындағы «1001 түн» бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеді.
Әншінің айтуынша, шығармашылық жолды дер кезінде аяқтау – өнер адамы үшін маңызды шешімдердің бірі. Ол 50 жылдық шығармашылық кешінен кейін сахнадан кетуді ойластырып жүргенін жасырмады.
«Сахнадан уақытында кеткен дұрыс деп ойлаймын. Мен де 50 жылдық шығармашылық кешімнен кейін сахнамен қоштасуды жоспарлап жүрмін. Денсаулық сыр беріп, жас ұлғайғанда халық алдында жүруді дұрыс санамаймын. Уақытында кетсең, көрерменнің жадында жақсы бейнеңмен қаласың», – деді Роза Рымбаева.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
14:21
"Үш-төрт әйел алуға мүмкіндік бар": Төреғали Тө...
09.11.2026
14:20
Тоқаев Азия ойындарының чемпиондарын орден-меда...
09.11.2026
14:07
Тоқаев Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдег...
09.11.2026
13:55
Қазақстан мен Қытай цифрлық деректерді бірге са...
09.11.2026
12:33
«Қазақ тілімен қатар қолданылады»: Абаев еліміз...
09.11.2026
12:32
«Жүректі сыздатқан қаза...»: Руслан Өтепбай ел ...