Сайлауда азаматтардың қатысуы шектеліп, бәсекелестік жетіспеді - Халықаралық бақылаушы
"Сайлауда бәсекелестік жетіспеді". Бұл туралы ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросының сайлауды бақылау миссиясының жетекшісі Урсула Гачек ЕҚЫҰ бақылаушылары өткізген баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы baq.kz-ке сілтеме жасап.
Айтуынша, миссия жұмысына сайлаудан бір ай бұрын кіріскен.
Біз қазанның ортасынан бері жұмыс істей бастадық. Сайлау күні 300-дей байқаушы болды. Олар Қазақстан Республикасының барлық аумағында орналасты. Сайлау орындарының ашылуын бақылады. Жалпы айтқым келетіні, сайлау тек қана бір күндік жұмыспен шектелмейді. Яғни біздің миссиямыздың жұмысы бір күн ғана тексеріп қоюдан тұрмайды. Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауында бәсекелестік жетіспеді. Сайлау туралы нормативтік құқықтарды халықаралық стандарттарға және ЕҚЫҰ міндеттемелеріне сәйкестікке келтіру қажет екенін көрсетті, -деп атап өтті бақылау миссиясының жетекшісі.Сонымен қатар ол қазіргі президент парламенттік партиялардың бірлескен кандидаты ретінде сайлауға түскендігін алға тартты.
Қазіргі президент парламенттік партиялардың бірлескен кандидаты ретінде сайлауға түсті және шынын айтқанда, іс жүзінде оған науқан кезінде үлкен сынақ болған жоқ. Байқаушылардың айтуынша, азаматтардың толық қатысу қабілеті айтарлықтай шектеулі болып қала береді. Соның ішінде негізгі бостандықтардың шектеулеріне байланысты сайлау органдары сайлаушыларға БАҚ арқылы ақпарат берді. Алайда бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау науқанын аз жариялау және аналитикалық-талдамалық деректердің болмауы сайлаушылардың саналы түрде таңдау жасау мүмкіндігін шектеді, - деді Урсула Гачек.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
08:31
«Атыраулық хакер» Дубайға неге тайып тұрды: ол ...
29.10.2026
23:19
550 мың теңге үшін қылмысқа барған: Ресейде қаз...
29.10.2026
22:23
Алматы метросында екі жолаушының жүгінен қауіпт...
29.10.2026
21:43
Қарағанды академиясының курсанты кәсіпқой бокс ...
29.10.2026
21:14
Ақтауда үш жасар бала комадан шықпай көз жұмды:...
29.10.2026
20:19
Тоғыз күнде екінші өлім: Хромтаудағы шахтада жұ...