Сәкен Майғазиев анасының жағдайы туралы айтты

Әнші Сәкен Майғазиев анасы жайлы айтып, оның денсаулығы жайында сыр шертті. Ол бұл туралы Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Оның айтуынша, анасы 88-ге келген, бірақ өзін 94-темін деп айтатын көрінеді.
"Бір нәрсені 5 рет қайталайды, ұмытып қалады. Есте сақтау қабілеті кетіп бара жатыр. Былтыр әпкемізден айырылған кезде.... Ол кісі 1958 жылғы. Біз тұрамыз, бізден кейін бір үйден соң әпкем мен жездем 5 бала-шағасымен, немерелерімен тұрады. Әпкем анама күніне 2 рет келіп кетпей қоймайтын. Бір дәмді тамақ істесе де ала келеді. Бала-шағасы да нағашы әжелеріне келеді. Сонда жанымдағы жарығым деп отыратын ең үлкен әпкемізді", – деді ол.
Сәкен анасының әпкесіне арқа сүйеп үйреніп қалғанын, әпкесі кеткеннен кейін мүлдеп сынып қалғанын айтады.
"Алматыға жүріңіз, кеттік деп әпкем тірі кезде алып кете беретінмін. Қазір енді қызы қайтыс болғанда жүргені несі деген оймен сол күйі қалып қойды. Ары-бері жүрмейді, ешқайда шықпай қалды. Негізі кез-келген ата-анасы тірі адамдарға айтатыным, отырғызбау керек. Ары-бері жүргізе беру керек, қыдырту керек, тойға апару керек. Ләйләға сол үшін риза боламын, анасымен бағдарлама түсіріп, ойын біліп. Қазір төселіп қалды, камерадан да сескенбейді. Сен үлгі болып жүрсің. Әке-шешеміз тірі кезде анда-мында апару керек, қыдырту керек. Бүркітке риза болдым, одан кейін Ерке Есмахан өз анасын Төрештің тойына алып келді. Көзі тірі кезінде Медеу Арынбаев, Дәулет Тұрлыханов, Жеңіс Ысқақованың анасын үйге шақырдым. Көп аналарды үйге шақыруға тырысамын. Сол жүргісі келмей қалды ғой. Былайша айтқанда, өз-өзін тастай салды. Аталатпасаң да, боталатпа деген осы екен", – дейді ол.
Соңғы жаңалықтар




