Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне сөз салды

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне сөз салды
06.05.2025 14:02
0
120
Коллаж: Turkystan.kz

Белгілі әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады, деп хабарлайды POLITICO.KZ  turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

27 жастағы Әділеттің таңдауы 21 жастағы Әдия Мәулен есімді аруға түскен.

«I said yes! 05.05.2025», - деп жазды Ә. Мәулен әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін жаңаөзендік ару әншінің ұлымен қалай танысқандарын айтып берген болатын.

«Әділетпен бір-бірімізді 3-4 жылдан бері танимыз. Бірақ нақты жүргенімізге 9 ай болады. Жас айырмашылығымыз – 6 жас. Жаңаөзенде туғанмын. Кейін Ақтау қаласына көштік. Қазір Алматыда тұрып жатырмыз. Мамандығым – қонақ үй бизнесі. Колледж бітіргенмін. Болашақта ЖОО-ға түскім келеді. Енемен тұруға қатысты көзқарасым – бейтарап. Маған көп адам болып шай ішкен ұнайды. Өзімнің де інім бар. Сондықтан ене тақырыбын жақсы түсінемін», – деді Әдия Мәулен.  

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий