Сәкен Майғазиевтің ұлының үйлену тойына қанша ақша жұмсалғаны белгілі болды

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің жары, блогер Динара Майғазиева ұлының үйлену тойына кеткен шығын туралы алғаш рет ашық айтты.
Динара Майғазиева бұл мәлімдемесін журналист Ләйлә Сұлтанқызының подкастында келінімен бірге қонақ болған сәтінде бөлісті. Өнерлі отбасы жуырда 800 адамды шақырып, үлкен той жасаған болатын. Тойға шақырылған қонақтар саны шамамен 400 отбасыны құрап, қазақтың бар жөн-жоралғысы толықтай сақталған.
Той өте керемет өтті. Құдалығынан бастап, қазақтың жөн-жоралғысын жасадық. 800 адам қатысты. Екі адамнан есептегенде 400 отбасы келді. Өзіміз ойлағаннан жоғары деңгейде өтті. Той шығыны жабылды деп нақты айта алмаймын. Ең бастысы – балалардың бақыты. Құдалығында болатын киіттесуден бастап, сыйлықтарымызды есептегенде 60-70 миллиондай кетті. Кімнің қанша әкелгенін тізімнен көрейін. Сәкеннің жолдастары өте көп көмектесті, – деді Динара Майғазиева.
Сондай-ақ ол тойда ерекше көзге түскен бағалы сыйлықтар туралы да бөлісті.
Шымкенттен келген Сәкеннің жолдастары көлік мінгізді. Әдияға арнап неше түрлі бриллиант көзді бұйымдар сыйлады. Тағы да қонақтарымыз той шашуымыз деп бірнеше жылқы атады. Үйге келсек, жылқыны жеткізе алмаймыз деп соғымдай берген кісілерге де рақмет. Жарнама қажет емес деп, белгілі кондитер үйлерінің иелері тәттілерін үйіп-төгіп тастады. Осындай дүниелер көп. Бәріңізге алғыс айтамын. Берекесімен жасалған той болды, – деп ағынан жарылды әншінің жары.
Соңғы жаңалықтар





