«Сәлемді алмау – нағыз мәдениетсіздік»: Меруерт Түсіпбаева Аша Матайды жерден алып, жерге салды
Әнші Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желідегі парақшасында әріптесі Аша Матайға шүйлігіп, оның көпшілік ортадағы әрекетін мәдениетсіздікке балап, шүйлікті, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесінің айтуынша, зиялы қауым жиналған үлкен ортада ол Аша Матайға сәлем берген. Алайда ол сәлемін қабылдамай, теріс қабақ танытқан.
«Депутат бола алмай қалғанын менен көрді ме, кім біледі?! Амандассам, Аша маған көзін алайтып бір қарап, мен отырған дастарханға жайғасты. Енді не қылайын?! Қиын болды-ау. Эх, суға батпайтын, отқа жанбайтын бір Меруерт бар. Негізі үміткер ханымға айтпағым, сәлемді алмау — нағыз мәдениетсіздік. Тыртыңдап, оның үстіне үлкен ортада, жан-жағымыз зиялы қауым. Мен ұялдым сен үшін», — деп жазды Түсіпбаева.
Сонымен қатар әнші Аша Матайдың жақында депутаттыққа үміткер болып, сайлаудан өтпей қалғанын сөз етіп, ащы сынға алды.
«Желіде бір әлеуметтік мәселе көтермеген Аша, сені депутат қылып халқым сайлайды деп дәметіп пе едің?! Этикет бойынша жасы үлкен сәлем береді, жасы кіші ілтипатпен, тіпті депутатқа үміткер болса да қабыл алады», — деді ол.
Айта кетейік, Аша Матай «Қазақстан халық партиясы» атынан Құрылтай депутаттығына кандидат ретінде ұсынылған болатын. Алайда оның партиясы шекті 5 пайыздық дауысты жинай алмай, Парламентке өтпей қалған еді.
Соңғы жаңалықтар