Сантехник құны 1,2 млрд теңгеге бағаланған сандық тауып алды
Венаның Пенцинг ауданында ескі вилланы жөндеп жатқан сантехник жертөледен 30 келі алтын тиындары бар темір сандық тапты. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін жасырылған деп болжанған бұл қазынаның құны 2,3 миллион еуроға бағаланып отыр, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы GeekWeek басылымы жазды.
Аустрия заңы бойынша, бұл сома тапқан адам мен үй иесі арасында тең бөлінуі тиіс еді. Яғни сантехникке 1 миллион еуродан астам сыйақы тиесілі болған. Алайда сандық табылғаннан кейін көп ұзамай із-түзсіз жоғалып кетті. Вилла иесінің өкілдері сандықтың қайда екенін білмейтінін айтса, желіде алтынды сантехник немесе үй иесінің өзі жасырған болуы мүмкін деген қауесет тарауда.
Қазіргі таңда полиция тергеу жүргізіп жатыр. Бірақ әзірге ешқандай айғақ табылмады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
08:31
«Атыраулық хакер» Дубайға неге тайып тұрды: ол ...
29.10.2026
23:19
550 мың теңге үшін қылмысқа барған: Ресейде қаз...
29.10.2026
22:23
Алматы метросында екі жолаушының жүгінен қауіпт...
29.10.2026
21:43
Қарағанды академиясының курсанты кәсіпқой бокс ...
29.10.2026
21:14
Ақтауда үш жасар бала комадан шықпай көз жұмды:...
29.10.2026
20:19
Тоғыз күнде екінші өлім: Хромтаудағы шахтада жұ...