"Сау аяғына гипс салып тастаған": желіде дәрігерлердің өрескел қателігі талқыланып жатыр
Желіде қазақстандық әйел қызының жарақат алмаған сау аяғына гипс салып берген дәрігерлерді сынап, оқиғаның видеосын жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.
Ашуланған ананың айтуынша, емхана қызметкерлері ауырсынып тұрған аяқты қалдырып, сау аяқты таңған.
"Мынау ауырып, сынып келген аяғы, бірақ неге екені белгісіз екінші аяғына гипс салып тастаған. Желіде «хайп» деп жазып жатқандар бар, бірақ мен ондай адам емеспін. Олар да шаршайтын шығар деп түсінуге тырысасың. Бірақ дәрігердің өзі маған «үйіңе барғанда көрмегеніңе рахмет айт» деп сөйлеп тұр", – деді баланың анасы.
Оқиға желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Пікір білдіргендердің бір бөлігі дәрігерлердің бұл әрекетін жауапсыздық деп бағалап, сотқа беруді талап етсе, екіншілері түнгі ауысымда шаршаған медицина мамандарын бірден айыптамауға шақырды.
Кейін ашуланған ана баласын сынықшыға апарып, тиісті ем-домын жасатқанын айтты.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
10.11.2026
22:25
Маңғыстау облысы әкімдігіне келуші әйел пышақ а...
10.11.2026
21:39
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ саммитіне қатысу үшін ...
10.11.2026
20:22
Нұрлан Сабуров 100 миллион рубль бопсалау ісі б...
10.11.2026
19:19
Стендап-комик Нұрлан Сабуровтан Ресейге оралу ү...
10.11.2026
18:58
Ұлытау облысында банк менеджері сақтандыру төле...
10.11.2026
18:36
Экономист ел экономикасының 4,5%-ға өсуін түсін...