Сауд Арабиясында АҚШ пен Украина арасындағы маңызды кездесу басталды

Сауд Арабиясында АҚШ пен Украина арасындағы маңызды кездесу басталды
11.03.2025 14:28
0
279
Бейнеден кадр
Ермак пен Рубио Сауд Арабиясында келіссөздер жүргізуде

Сауд Арабиясының Джидда қаласында Украина мен АҚШ делегацияларының кездесуі басталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Америкалық делегацияны мемлекеттік хатшы Марко Рубио бастап барса, украиналық тараптан Президент кеңсесінің басшысы Андрей Ермак жетекшілік етуде.

Бұл кездесу Украинаның АҚШ тарапынан алатын әскери көмегін жалғастыру мәселесі бойынша шешуші болуы мүмкін. Бұған дейін Марко Рубио Джиддадағы келіссөздердің нәтижесіне байланысты әскери көмектің болашағы анықталатынын мәлімдеген болатын.

Қазіргі уақытта екі елдің делегациялары Украинаның қорғаныс қабілетін арттыру, әскери көмек пен барлау деректерін алмасу сияқты маңызды тақырыптарды талқылауда. Сарапшылардың пікірінше, келіссөз нәтижесі Украинаның алдағы айлардағы әскери операцияларына тікелей әсер етеді.

Айта кетсек, бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский де Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бин Салманмен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықты нығайту мен экономикалық және қауіпсіздік саласындағы серіктестікті дамыту туралы уағдаласқан еді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий