Сауда орталығында эскалаторға қысылып қалған баланың қолы жұлынып кетті

Сауда орталығында эскалаторға қысылып қалған баланың қолы жұлынып кетті
20.08.2025 12:12
0
188
ашық дереккөз

Екатеринбург қаласындағы сауда орталығында эскалаторға қысылып қалған баланың қолы жұлынып кеткені белгілі болды. 

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, бәрі баланың айғайынан басталған. Оның қолы эскалатор тетігіне қысылып қалып, сол сәтте жиналған адамдар баланың жарақаттанғанын көрген. Қорқынышты жағдайға қарамастан, бала есін жоғалтпаған.

Дәрігерлер баланың қолын мұзға салып, оны зардап шеккен жасөспіріммен бірге қалалық ауруханаға жеткізді. Қазір балаға шұғыл операция жасалып жатыр, деп хабарлады Свердлов облыстық ІІМ баспасөз қызметі.

Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккен баланың отбасы толық әрі әлеуметтік жағдайы тұрақты, ешқандай есепте тұрмайды. Қазіргі уақытта «Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қайғылы жағдай Академик Шварц көшесіндегі сауда орталығында болған. Куәгерлердің айтуынша, бала ата-анасымен бірге төмен түсіп келе жатқанда, эскалатордың механизмі оның қолын тартып әкеткен.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий