Сәуле Әбілдахан заңгер Айгүл Орынбек туралы сұмдық-шындықты жайып салды

Сәуле Әбілдахан заңгер Айгүл Орынбек туралы сұмдық-шындықты жайып салды
21.05.2025 12:23
0
484
democrat.kz

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы заңгер Айгүл Орынбекке қатысты жазба жариялап, “ол – Абзал Құспанның проектісі” деді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Democrat.kz cайтына сілтеме жасап.

Өз жазбасында Сәуле Әбілдаханқызы заңгер, блогер Айгүл Орынбекті қашаннан бері танитынын, қандай байланыстары болғанын айтып: “Айгүл Орынбектің бетпердесіз, шынайы болмысы қандай екенін сонааау 2014-15 жылдары танып қойғанмын… Жеке басыма қандай екіжүзділікпен өтіріктер айтқанын қозғамай-ақ қояйын….

Оған дейінгі бір ғана фактіні айтайын: 2012 жылы Фейсбукке алғаш тіркеліп, оқырманы ең көп авторлардың бірі болып, күнде ананы-мынаны жазып жүрген кезіміз. Ол кезде қазіргідей барлық автор танымал емес, жұрт көбірек танитын, посттары оқылатын авторлар аса көп емеспіз деп қояйыншы…

“Әпке, осында сіздің фейсбук парақшаңызда “Ақжүністің” фейсбук нұсқасын жасайық, сіз бізге күнде осылай тақырып тастап, дискуссия ұйымдастырып тұрыңыз, біз сол сіз тастаған тақырыпты талқылайық” деп жиі қиылатын.

“Е, жарайды, тақырып тастау мен үшін түк қиын емес” деп, күнде (күнара, аптасына) бір тақырыпты ортаға тастаймын. Астында дискуссия қызады… Сол кезде ең белсенді дискуссионер Айгүл еді…

Солайша, 2013-2015 жылдары менің достықтағы мыңдаған оқырманымды өзіне жаздыртып, менің парақшам арқылы “жұлдыз” болып, сосын мені танымай, тіпті сәлем алмай, көкірегі көк тіреп кеткен еді…

Мен, жалпы, өтірікші, екіжүзді, жағымпаз, сәл танымал бола бастаса өзінше беш тиын болып тәкәппарсынатын адамдарды жек көрем. Ондайларға бірден энергетический деңгейде антипатиям ұстап қалады… айгүлдің де сол шынайы болмысын бірден танып, сооол жылдары достықтан шығарып тастаған едім…

Кейін Абзал Құспанмен сайрауықтың ісінде бірге жұмыс істеп бастаған кезде (2018), “өй, ол менің проектім, оны достығыңа қос” деген соң, соның өтінішімен қайта қосқам. Бірақ көкірегіне піскен наны әлі суымағанын байқағанмын…

Көп ұзамай ол туралы қаншама адамнан ақша мәселесіндегі әңгімелерді естіп, қайтадан достықтан шығарып тастадым… Ал ол туралы ақша мәселесін айтқан адамдар әңгімелерін жарыққа шығаруға батпады, жүрексінді, тіпті, бір келіншекке “жазыңыз, шындықты жариялаңыз” дегенімде, “қорқамын” деді… Ол келіншек дәл қазір осы постымды оқып отырғанына сенімдімін…

Бірақ, міне, 10 жылдан асты, мұның бірін де жазған емеспін. “Халық өзі танып білер, түсінер, танымаса, түсінбесе, тұлға санап төбесіне көтере берсін, маған бәрібір” деп жүрген едім…

Тек “Айгүл Орынбек ұлттық кеңеске мүше болуға лайық емес… Айгүл құрылтай мүшесі болса, онда мен Зеленскиймін…” деп бір-екі рет жаздым, ешкім түсінбеді…

Олай жазар ма едім, жазбас па едім, менің жеке басымның деңгейіндегі өзара мәселе болса, мейлі дейсің, жұта саласың… ал ондай адам халықтық, қоғамдық, ұлттық мәселеге араласқанда көз жұма алмайды екенмін…. сол себепті де солай жазған едім…

Енді міне… пажалыста…. Мен 10 жыл бұрын таныған адамды, жұрт енді танып жатыр екен…

Ол туралы Гүлбану Әбенова жазды, Құрал Сейітханұлы жазды…”, – деп жазған журналист Айгүл Орынбектің Ұлттық құрылтай құрамынан шығарылғанын, бұл ақпаратпен бірге Айгүл Орынбекке қатысты біреулерден ақша алып, қайтармағаны туралы Орда.кз сайтының ақпаратын қоса жариялады.

Сөз соңында: “Әрине, бұл істе оның ақ-қарасын сот анықтай жатар… Оның дипломының да түбін тексеру керек, ЖОО оқыған ба, шын заңгер ме, өтірік заңгер ме, анықтау керек…

Менің білетінім, Айгүл бірнеше адамды алдап кеткен өтірікші екеніне гарантия беремін… дәлелдерім, куәгерлерім бар… өздері де айтар, жазар…. Қоғам әртүрлі паразиттерден тазармай, оңалмаймыз… деп жазды Сәуле Әбілдахан.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий