«Үкіметке араласпауы керек»: Депутат Еркебұлан Тоқтардың пікірін жақтап шықты

09.01.2026 12:44 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Үкіметке араласпауы керек»: Депутат Еркебұлан Тоқтардың пікірін жақтап шықты
0
381
Коллаж: Politico.kz

Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаевтың актер Еркебұлан Тоқтар жайлы айтқан пікірі әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Politico.kz

Депутат «Adal ADAM» YouTube-арнасына берген сұхбатында Еркебұлан Тоқтардың «Үкіметке араласпай, әркім өз ісімен айналысуы керек» деген мазмұндағы видеосын көргенін атап өтті. Айтуынша, актердің бұл сөзі оған ұнаған.

«Көзі ашық, ойы сергек азамат екен. Риза болдым. Ол жігітті тауып, қабылдауыма шақырғым келеді. Ақылдассақ деймін. Жасына қарап бағаламау керек. Оның азамат ретінде айтқан жауабы маған ұнады. Осындай сергек ойлайтын адамдар елімізде көп болса жақсы болар еді», — деді депутат.

Алайда бұл пікір желі қолданушыларының бәріне бірдей жақпай қалды. Көпшілік депутаттың сөзін сынға алып, түрлі пікір қалдырды.

«Әрине, халық араласпаса, өздерің білгендеріңді істей бересіңдер ғой», «Халық саясаттан алшақ жүріп, кредитке батып, күнкөріспен әлек болса ыңғайлы ма?», «Сендерге қарсы сөз айтпаса болғаны», «Ол актер сендерді ақтап отырған жоқ қой, істеген істеріңе өздерің жауап бере аласыңдар ма?» — деп жазды желі қолданушылары.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий