Сейфуллин Жолбарыстың бұрынғы әйелі бөлек кетуіне не түрткі болғанын айтты
332
Екатерина Вайт Анна Данченкоға берген сұхбатында әнші Сейфуллин Жолбарыспен не үшін ажырасып кеткенін айтты.
Сейфуллин Жолбарыс пен Екатерина Вайт 2 жыл бұрын ресми түрде ажырасқан. Алайда олар бағдарламаларға ерлі-зайыпты ретінде келіп, сұхбат беріп жүрді.
"Біз ажырасқаннан кейін мен бөлек кеттім. Қыздарыммен бөлек тұрдым. Ол қайта қосылуға талай тырысты. Қасыма келеді, мен кешіріп, қасыма кіргізіп алған кездер болды. Мен қайта қосылып кетеміз шығар деп ойладым. Бұлар сол аралықта түсірілген сұхбаттар. Ол ешкімге айтпай-ақ қояйық деді", - дейді Екатерина Вайт.
Ол бөлек кетуіне қыздары түркі болғанын жасырмады.
"Бөлек шығуыма қыздарым түрткі болды. Олар менің қандай күйзелісте екенімді көрді. Көз жасымды, бүкіл ауыртпашылықты ең бірінші сол қыздарым көрді. Олар "ана, кетейікші" деп айта бастағаннан кейін мен ойлана бастадым. Бұл қыздарыма да ауыр тиіп жатыр деген сөз. Қыздарым ондайды көрмеуі керек. Қыздарым әкесімен кездесіп тұрады", - деді Сейфуллин Жолбарыстың бұрынғы әйелі.
Журналист одан ажырасуының себебі өзге әйел ме деп сұрады.
"Ажырасуымыздың себебін айтпаймын. Сейфуллинге ешқандай ренішім жоқ және оған ешқандай кінә тақпаймын", - деді Екатерина.
Еске салайық, жақында әнші Сейфуллин Жолбарыс екінші әйелімен ажырасып кеткенін ресми түрде мәлімдеді.
"Өзара ортақ шешімге келіп, біз екеуміздің екі жыл бұрын ажырасқанымызды растаймыз. Еш өкпесіз, бір-бірімізге алғыс айта отырып, қыздарымызға жақсы әке мен жақсы ана болуға тырысамыз. Журналистер және өзге адамдардың артық сұрақтар қоймауын сұраймыз", - деп жазды Сейфуллин Жолбарыс.
Соңғы жаңалықтар
11.04.2026
09:17
Тоқаев Трампты «Артемида-2» миссиясының сәтті а...
10.04.2026
18:35
Атыраудағы педофил әкімнің туысы болып шықты
10.04.2026
17:30
Жетісу облысында бұрынғы жігітін бопсалап, 25 м...
10.04.2026
17:15
"Адал іс емес": Алагөзовтерді сынаушылар көбейді
10.04.2026
16:48
«Қазақмыс» Жамбыл облысындағы 250 отбасыға көме...
10.04.2026
16:10
"Іздеп барған": Ақбаян Мұқанғалиева туралы журн...