Семей мешітінде бір әйел намаз оқып отырған қызды тепкілеп тастады (ВИДЕО)
Желіде мешітте намаз оқып отырған қызға шабуыл жасалған видео пайда болды.
Оқиғаның видеосын журналист Сандуғаш Дүйсенова өзінің Instagram-дағы парақшасына жариялады. Видеодағы жағдайдың Семей қаласында болғаны анықталды. Кадрдан әйелдің мешітте намаз оқып отырған қызды тепкілеп жатқанын көруге болады.
Мешітте болған жағдай! Бір дөкейдің әйелі намаз оқып отырған қызды тепкілеп, соғып кетіпті. Бұл недеген бассыздық? Имамдар қайда қарап жүр? Сонда Алланың үйінде әр мұсылманды осылай сабай берсе, не болғанымыз? – делінген видеоның жазбасында.Оқиғаға қатысты Абай облыстық полиция департаменті түсінік берді.
Бұл дерек Семей қаласы Әуезов аудандық ПБ-ға тіркелді. Әйелден шағым болмай, одан әрі іс жүргізуді тоқтату туралы өтініш түсті, – делінген хабарламада.Фото: muftyat.kz
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
13.11.2026
21:24
Павлодарда 20 қытайлық заңсыз жұмыс істеп жүрге...
13.11.2026
20:50
Ірі шенеуніктер ұсталған соң Тоқаев ҰҚК басшысы...
13.11.2026
20:32
«Бірнеше айдан бері ұрады»: Астанада балабақша ...
13.11.2026
20:21
Ұлытау облысы Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай ...
13.11.2026
19:41
Кувейтте жұмбақ дертке шалдыққан қазақ қызы: СІ...
13.11.2026
19:30
Тоқаев ҚТЖ жұмысын қатаң сынға алды