«Семей орманында» ақша үшін ағаштарды заңсыз кесуге рұқсат берген лауазымды тұлғалар ұсталды
880
«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының бірқатар лауазымды тұлғасы пара алып, ағаштарды заңсыз кесу мен сатуға жағдай жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Politico.kz.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, күдіктілер ақшалай сыйақы үшін адамдарға орманның ең құнды әрі өтімді учаскелеріне кедергісіз кіруге мүмкіндік берген. Тергеу нұсқасы бойынша, соның нәтижесінде ағаштарды жаппай заңсыз кесу және сату ұйымдастырылған.
Тінту барысында бухгалтерлік құжаттар, ағаш кесуге бөлінген орман орамдары мен ақша қаражатын бөлуге қатысты қолжазба жазбалар, сондай-ақ тергеу үшін маңызы бар өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленген.
Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 366-бабының 3-бөлігі – пара алудың ауырлататын түрлері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Күдіктілердің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен анықталады.
Соңғы жаңалықтар
06.10.2026
16:37
Алматыда жылу қашан берілетіні белгілі болды
06.10.2026
16:08
15 жастағы оқушы қыз мектеп алдында құрдастарын...
06.10.2026
15:34
Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы ...
06.10.2026
15:27
«Алар белесі көп болсын»: Димаш Құдайберген ста...
06.10.2026
14:38
Ресей әскерінен қашып, Қазақстан шекарасын заңс...
06.10.2026
14:18
Астанада әйел көлік қоямын деп паркинг қызметке...