Семейде шыршаны безендіру кезінде жарақат алған мұғалім ауруханадан шықты

Семейде шыршаны безендіру кезінде жарақат алған мұғалім ауруханадан шықты
08.01.2025 13:56
0
317
Kyn.kz
Жарақат алған мұғалімге қатысты тексеріс нәтижесінде қатаң шаралар қабылданды

Семей қаласында шыршаны безендіру кезінде бес метр биіктіктен құлап, ауыр жарақат алған мұғалім Қуат Айтқалиев ауруханадан шықты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, педагогтың емі мен қалпына келуі денсаулық сақтау министрлігі мен өңірлік басқармалардың ерекше бақылауында болған. Алдағы уақытта мұғалім толық реабилитациядан өтіп, жұмысына қайта оралады деп жоспарлануда.

"Бұл оқиға бойынша жедел кеңес өткізілді. Облыстық білім басқармасына, әкімнің орынбасарларына тиісті шараларды жүзеге асыру тапсырылды. Сондай-ақ білім беру саласындағы заң бұзушылықтарды қадағалау мақсатында қосымша мониторинг жүргізілуде. Мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін нақты шаралар қабылданады," – деді министр.

Еске салсақ, оқиға кезінде мұғалім ауыр жарақат алған. Осы оқиғаға байланысты қалалық білім бөлімінің басшысы қызметінен босатылды. Сонымен қатар үш мектептің директорлары мен Семей қаласы әкімінің орынбасарына қатаң сөгіс берілді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или