Семейде түн ішінде тұрғындарды шошытқан қыз жындыханаға жатқызылады

30.01.2026 14:11 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
Семейде түн ішінде тұрғындарды шошытқан қыз жындыханаға жатқызылады
52
әлеуметтік желі

Семейде түн ішінде бойжеткенді шошытып, әлеуметтік желіні дүр сілкіндірген оқиғаға қатысты 24 жастағы қыз психиатриялық ауруханаға жатқызылады, деп хабарлайды Politico.kz

Бұл туралы әлгі белгісіз қызға қатысты видеоны жариялаған Аружан әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, жағдайдан кейін өзіне де көп адам тарапынан сыни пікір жазылған.

«Мен ешқандай моральдық өтемақы талап еткен емеспін. Адвокат жалдап, жеке қаражат та жұмсаған жоқпын. Не көрдім — соны ғана жарияладым», – дейді Аружан.

Оқиғадан кейін жәбірленушіге психолог көмегі қажет болған. Қазір ол қауіпсіздігі үшін анасына әр бес минут сайын қайда жүргенін хабарлап отыруға мәжбүр екенін айтады. Желіде жазғанындай, бұл оқиға оған ауыр әсер етіп, бойында үрей сезімі қалып қойған.

Еске салайық, бұған дейін Семейде болған бұл жағдай әлеуметтік желіде кеңінен талқыланған еді. Аружанның сөзінше, түнгі сағат 04:00 шамасында оны танымайтын белгісіз қыз қорқытып, зәресін алған. Сондай-ақ әлгі қыздың «Соқыр болғың келе ме?» деген сөзі қатты шошытқанын мәлімдеген. Қазір аталған видео желіде қызу талқыланып жатыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий