"Сен жай көшедегі әркімнің бір "тряпкасысың".Танымал әзілкештің бұрынғы әйеліне жазған хаты тарады

01.11.2025 17:31 Мөлдір Талғат
0
1313
Коллаж politico.kz

Әлеуметтік желіде танымал актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы жары Фариза Алмазқызына арнаған жазбасы тарап, көпшіліктің назарын аударды.

Желіде жарияланған скриншоттарда актер экс-әйеліне ауыр сөздер жазып, оның өмір салты мен мінезіне қатысты қатқыл пікір білдірген. Нұрсұлтан Жақсыген бұрынғы жұбайына жеке өмірімен тыныш айналысып, өзгелерге шағымдануды доғаруға кеңес берген.

Хабарлама мәтінінде актер былай деп жазған:

 “Сен жай көшедегі әркімнің бір "тряпкасысың".
10 бала тапсаң да қадірің жоқ, маған сенің бір тиының да керек емес.
Кеттің бе — тыныш қана кет.
Зарлай бермей, әркімге.
Өміріңді тыныш сүр, менің саған қатысым жоқ.
Мен Аллаға шүкір, өз жағдайыммен жүрмін.
Жұмыс істеп, үйіңді асыра.
Менен алатыныңды әлдеқашан алғансың.
Сенің сұлу болғаның кімге керек, ішкі әлемің лас болса.
Сұлу дейтіндей де емессің. Талай сенен сұлу, ақылды қыздар бар.
Есік көрген қызды ешкім бағаламайды.
Сол үшін осылай қаласың, әркімнің біреуі болып.
Шыли өзіңе көп алма. Неғыса.
Аулақ жүріңдер, сиқандар.”

Бұл хат әлеуметтік желіде үлкен резонанс тудырды. Көпшілік актердің жеке қарым-қатынасын ашық жариялап, әйеліне ауыр сөз айтқанын сынға алды. Ал кейбір қолданушылар оның эмоция үстінде жазғанын айтып, түсіністікпен қарауға шақырды.

Фариза Алмазқызы болса, өз парақшасында хаттың скриншотын жариялап:

“Алла әділ! От души күліп ал, мен жай ғана сыртынан бақылаймын,” — деп қысқа ғана пікір қалдырды.

Осы оқиғадан кейін желі қолданушылары жұлдыздардың жеке өмірін жариялаудың этикасы мен отбасылық дауларды ашық талқылау жөнінде қызу пікір білдіруде.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий