«Сені түнде ұйықтатпаймын!»: Пойызда алымсақтыққа тап болған қыз сұхбат берді

25.04.2025 16:14 Берік Арманов
«Сені түнде ұйықтатпаймын!»: Пойызда алымсақтыққа тап болған қыз сұхбат берді
281
Фото: «Жаңа адамдар» қозғалысы

13 сәуір күні №076ХА пойызында орын алған алымсақтық оқиғасы қоғам назарын аудартты. Желіде тараған мәліметтерге сәйкес, қызды вагоннан вагонға дейін аңдыған жолсерік оның аяғынан ұстап, ұйықтатпайтынын айтқан, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Зардап шеккен бойжеткен — «Жаңа адамдар» қозғалысының белсендісі, сол себепті бұл оқиғаны әлеуметтік желіде бірден жариялауды жөн санаған. Қоғамдық резонанс тудырған жағдайға байланысты қозғалыстың «Тұмар» азаматтық науқанының белсенділері оқиғаның мән-жайын анықтады.

Олардың мәліметінше, алымсақтық жасаған адам — 1992 жылы туған жолсерік Жанибек Абдикаликов. Оқиға жария болғаннан кейін ол қызбен байланысқа шыққанымен, кешірім сұраудың орнына өз әрекетін ақтауға тырысқан.

Ең сорақысы — бұл оқиға көптеген адамның көз алдында болған. Алайда ешкім көмекке ұмтылмаған. Бұл — зорлық-зомбылықты қалыпты құбылысқа айналдырған үнсіздік пен немқұрайдылықтың айқын көрінісі.

«Жаңа адамдар» қозғалысы алымсақтыққа тап болған әрбір адамды қорықпауға, үнсіз қалмауға және дереу полицияға жүгінуге шақырады. Олардың айтуынша, қылмыскерлердің есімдері мен жүздерін бүкіл ел тануы керек.

«Үнсіз қалу – зорлықты қалыпты жағдайға айналдырады. Ал бейжайлық – әрекетсіздікке үйренгендер үшін артықшылық», — делінген қозғалыс мәлімдемесінде.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий