«Хайп қуды демесін»: Дархан Мұсаев тағы бір жаңалығын айтты
Белгілі әртіс әрі продюсер Дархан Мұсаев бұрынғы жұбайы Дариға Бадықованың фильмімен бір уақытта шықпас үшін өз туындысының көрсетілімін кейінге қалдырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі «Сүйемін деші» атты жаңа киносын қараша айының ортасында көрерменге ұсынуды жоспарлаған болатын. Алайда дәл сол уақытқа Дариға Бадықованың «Соңыра» фильмінің де тұсаукесері белгіленгені белгілі болған соң, премьера мерзімін ауыстыруға мәжбүр болған.
«Қысқасы, қараша айының ортасына қойғанмын. Сөйтсем, бір кісілердің киносы да сол кезге қойылып қойыпты. «Хайп қуалады» деп айта ма деп, шынымды айтсам, киноны тағы да шегердім. Амал жоқ, ұялдым. «Соңыра» деген киноларын қойыпты ғой», — деп түсіндірді Дархан Мұсаев.
Әртістің айтуынша, екі фильмнің көрсетілім мерзімінің сәйкес келуі көпшілік арасында түрлі қаңқу сөз тудыруы мүмкін болғандықтан, осындай қадамға баруды жөн көрген.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
11:54
Азамат Қапенов Мәсімовтің қызымен қалай танысқа...
30.10.2026
11:38
Аңсар Айдаров «Самұрық-Энерго» басшысы болып та...
30.10.2026
11:28
Ерлан Қарин қырғыз әншісін орденмен марапаттады
30.10.2026
11:19
«Хайп қуды демесін»: Дархан Мұсаев тағы бір жаң...
30.10.2026
10:23
Желіде танылған бала полиция бастығынан Тоқаевт...
30.10.2026
10:23
Ұзынағашта балаларға Құран үйретіп жасырын дін...