Аңсар Айдаров «Самұрық-Энерго» басшысы болып тағайындалды
«Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы болып Аңсар Айдаров тағайындалды. Ол бұған дейін қызметінен босатылған Қайрат Мақсұтовтың орнына келді, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ хабарлады. Жаңа басшыны тағайындау туралы шешімді қордың басқармасы қабылдаған.
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Аңсар Айдаровты компания ұжымына таныстырып, жұмыс кеңесін өткізді. Ол инвестициялық жобаларды белгіленген мерзімде аяқтауды және электр станцияларын уақытында пайдалануға беруді талап етті.
Аңсар Айдаров 2013 жылдан бері «Самұрық-Қазына» компаниялар тобында жұмыс істейді. Бұған дейін «Энергия Семиречья» ЖШС бас директоры, «Самұрық-Энерго» АҚ Жобалық кеңсесінің басшысы және инвестициялар жөніндегі бас директоры болған.
Еске салайық, бұған дейін «Самұрық-Энерго» компаниясын басқарған Қайрат Мақсұтов қызметінен босатылған еді.
Бұл шешім стратегиялық инвестициялық жобалардың баяу жүзеге асырылуына байланысты қабылданған.
Соңғы жаңалықтар