Ерлан Қарин қырғыз әншісін орденмен марапаттады

Ерлан Қарин қырғыз әншісін орденмен марапаттады
Фото: instagram/mirbek_atabekov

Қырғыз әншісі Мирбек Атабеков «Достық» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Politico.kz. 

Мирбек Атабековке «Достық» орденін вице-президент Ерлан Қарин табыстаған. Бұл туралы әнші Instagram-парақшасына жазды.

«Мен үшін бүгін – ерекше ұмытылмас күн! Қазақстан президентінің жарлығымен II дәрежелі «Достық» орденімен марапатталдым. Бұл жоғары марапат мен үшін үлкен мәртебе ғана емес, сонымен қатар шығармашылық жолыма тың серпін беріп, зор жауапкершілік жүктейді. Көрсеткен құрметі мен жоғары бағасы үшін Қазақстан президентіне және бауырлас қазақ халқына шексіз алғысымды білдіремін! Қазақ пен қырғыздың достығы мәңгі болсын! Екі ел арасындағы бірлік пен мәдени байланысты нығайтуға әрі қарай да өз үлесімді қоса беремін», – деп жазды әнші.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу