Сергей Лавров Мұрат Нұртілеуді жаңа қызметімен құттықтады

Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық, инвестициялық және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі болып тағайындалған Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеуге Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров арнайы құттықтау жеделхатын жолдады.
Лавров өз хатында Мұрат Нұртілеудің Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі қызметіндегі еңбегін жоғары бағалап, оның басшылығы кезінде Ресей мен Қазақстан арасындағы көпқырлы ынтымақтастық айтарлықтай нығайғанын атап өтті.
«Жаңа лауазымыңызда да елдеріміз арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды тереңдетуге ерекше көңіл бөлетініңізге сенемін», – делінген Ресей СІМ басшысының құттықтауында.
Сондай-ақ Сергей Лавров Мұрат Нұртілеуге мықты денсаулық, табыс пен жаңа жоспарларының жүзеге асуын тіледі.
Соңғы жаңалықтар





