Сейфуллин Жолбарыс үйде отырған әйелдерге ақыл айтты
«Шешем солай дейтін...» деген Сейфуллин Жолбарыс үйде отырған әйелдерге ақыл айтты. Белгілі әнші-композитор күйбең тіршілікке беріліп кетпеуге кеңес берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ
«Кейбір әйелдер тіршілікке беріліп кетеді де үйден шықпай қалады. Айнала беретін тірліктен шықпай қалған соң, адамның миында деградация пайда болады. Тым құрыса киноға бар, ол қымбат емес қой. Немесе балаларыңды ертіп мультфтльмге, саябаққа барып кел. Өзіңе көңіл бөл.
«Әйелдер боянбау керек» дегенге де қарсымын. Әйел боянып, өз-өзіне қарап, өзінің әйел екенін сезіну керек. Сол кезде ол өзіне кішкене болса да бақыт сыйлайды. Баяғыда анам бізге: «Қыдырып, сыртқа шығып тұрыңдар. Жастарың келгенде өздерің-ақ отыратын боласыңдар дейтін», -деп нәзік жан иелеріне мотивация берді.
Соңғы жаңалықтар