"Шақырмады": Сәбиттің ұлы қарындасының тойына неге бармағанын айтты
Әнші Алтынай Жорабаеваның тұңғыш қызының ұзату тойына актер Сәбит Әбдіхалықов пен әнші Айгүл Иманбаеваның ұлы Асылжанның қатыспауы желіде қызу талқыланды. Көпшіліктің сауалына жауап берген Асылжан тойға шақырылмағанын айтып, еш өкпесі жоғын жеткізді, деп хабарлайды Politico.kz.
Instagram парақшасында оқырмандарымен пікір алмасқан Асылжан өткен жылы Алтынай Жорабаеваның екінші қызы Айнара оның үйлену тойына келіп, құттықтап кеткенін еске алды.
"2024 жылы Айнара тойыма келіп, мені құттықтап кетті. Тойымыз Астанада ең жақын 30 шақты туыстың ортасында өтті. Оны Instagram-да жарияламадық. Айнара – өте парасатты, ақылды қыз. Оның қуанышына шын жүректен ортақпын", – деді ол.
Сондай-ақ Асылжан бұл жолы неліктен шақырту алмағанын түсінетінін айтып, бұл жағдайға сабырмен қарады.
"Тойға шақырту алған жоқпын. Оның себебін толық түсінемін. Ренішім жоқ, ешкімді кінәламаймын. Балаларды бір-біріне жақындататын – қан байланысы емес, үлкендердің өзара қарым-қатынасы", – деп жазды Асылжан.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...