"Шаш ағарды, жүйкем жұқарды": Дана Нұржігіт өмірде көрген қиындықтарын айтты

15.07.2025 11:50
0
171
ашық дереккөз

Журналист Дана Нұржігіт әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің өмірін мысалға келтіре отырып, елуден асқан әйелдер қауымына ақыл-кеңесін айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ Todayinfo сайтына сілтеме жасап.

«Құрбым, өзіме айтқанды саған да айтамын! Тыңдашы! Мынау 2015 жылғы фото. Астанаға көшкен жылым. Бұдан бері көп нәрсе өзгерді. Шаш та ағарды, салмақ та қосылды, жүйке де жұқарды, қателік те көп болды, денсаулық бұрынғыдай емес…

Осылай да айтуға болады! Бірақ…бұл сөздер саған  жігер беріп, ертеңге деген сеніміңді бекем етуге септігі бар ма? Жоқ! Олай болса, айтпа! Миыңды әдемілікті көруге, жақсы сөз айтып, жақсылықты ғана көруге үйрет! Жамандық онсыз да жетіп жатыр! Одан да өзіңді орныңнан тұрғызатын, өмірді сүюге талпындыратын сөзбен қуаттандыр! Ал, қайта баста, кәнеки!», — деп Дана Нұржігіт әйелдерді жігерлендірді.

Ол он жылда көп нәрсе жасағанын, түрлі жобаларды жүзеге асырып, мемлекеттік қызметте болғанын атап өтті.

«Баламды өсірдім, әкесімен жүздестірдім, сотта жеңіске жеттім, сынақтан өттім, өзімді өзім қолға алып, спортқа бет бұрдым, YouTube арна аштым, өз шеберханамды жүргіземін, кітап жазып жатырмын…тағы не? А! Кеше өмірімде бірінші рет үстіме тырысқан спорт киім киіп видео жаздым, ол да бар айтпақшы! Ас, ұйқы дегенде де, адамдармен қарым-қатынаста да сапаны таңдайтын болдым», — деп толықтырды ол.

Журналист басқаның сөзімен емес, өзінің  жолынан таймай, еңсесі түспейтіндей өмір сүріп жатқанын баса айтты.

«Формаға емес, мазмұнға мән бер! Мәңгіліктің өлшемінде бәрі тозаң. Дәл қазіргі сәттен ләззат тауып үйрен, құрбым! Батыл бол! Бақытты бол!», — деп түйіндеді Дана Нұржігіт.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий