Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов соттала ма? Тың дерек шықты

21.01.2026 15:34 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов соттала ма? Тың дерек шықты
0
203

Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовқа қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы оның адвокаты Мейірман Шекеев мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz

Адвокаттың айтуынша, бұған дейін іс тергеу сатысында болғандықтан, қандай да бір ақпарат жариялауға мүмкіндік болмаған.

«Құқық қорғау органдары бұл іс бойынша объективтілік танытып, Қаржаубай Нұрымовқа қатысты қылмыстық істі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы 1-бөлігінің 12-тармағына сәйкес тоқтатты», – деп жазды Мейірман Шекеев.

Аталған нормада Нұрымовтың қылмыстық жауаптылықтан босатылуға тиіс адамдар санатына жататыны көрсетілген.

Еске сала кетейік, 2024 жылғы 10 желтоқсанда Қаржаубай Нұрымов бұзақылық жасады және көлік қозғалысына кедергі келтірді деген күдікпен ұсталған болатын. Оған қоғамдық орында және полиция қызметкерлеріне қарсы дөрекі сөйлеп, пышақпен қорқытты, сондай-ақ бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтірді деген айып тағылған.

2024 жылғы 3 қазаннан 4 қазанға қараған түні Талғар қаласында жасөспірім Шерзат Полат қаза тапты. Оқиға орнында түсірілген бейнежазбаның әлеуметтік желіде таралуы қоғамда үлкен резонанс тудырды. Кадрлардан бір топ ер адамның жасөспірімді ұрып-соққаны байқалған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий