Шерзат Болаттың ісі бойынша тергеу аяқталды

Шерзат Болаттың ісі бойынша тергеу аяқталды
21.01.2025 20:20
0
43
ашық дереккөз

Шерзат Полаттың ісі бойынша тергеу аяқталды. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаттары мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Жәбірленуші тарап –  Шерзат Болаттың отбасының адвокаты Карина Көшербаеваның айтуынша, сотқа дейінгі тергеу аяқталған. 

17 қаңтарда Шерзаттың өліміне қатысты қышлмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бұл туралы бізге тергеуден хабарлама келді. Енді біз қылмыстық іс материалдарымен танысуды бастаймыз, дейді Карина Көшербаева. 

Еске салсақ, 2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или