Шерзат ісі: Марқұм Нұрғанат Ғайыпбаевқа қатысты тың дерек шықты
640
Нұрғанат Ғайыпбаевқа қатысты сот-медициналық сараптама жарияланды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Талдықорғанда Шерзат ісі бойынша кезекті сот отырысы өтті.
Сарапшы Өмірбек Жолымбетовтің айтуынша, Ғайыпбаевтың денесінен көздің көгеруі, желке тұсындағы ісік, бел тұсында сырылған жарақаттар анықталған. Сонымен қатар бас миының шайқалуы диагнозы қойылған.
Жамбас аймағында өткір затпен салынған үш жара да тіркеліп, олар «жеңіл дене жарақаты» ретінде бағаланған.
Бұған дейін сотталушы Абзал Шынасыл Ғайыпбаевқа үш рет пышақ сұққанын мойындаған. Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов пен оның туыстары бұл жолы да сот процесіне қатысқан жоқ.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...
08.10.2026
21:34
Тележүргізуші: Балам түсіп қалсын деп мұздың үс...
08.10.2026
21:31
«Мектептің маңында жүр»: ШҚО тұрғындары жыртқы...