Шерзат ісінде куәгер болған екі әйелге қатысты тың дерек шықты

"Ата-анасының көзінше өлтірілді" делінген 16 жастағы жасөспірім Шерзаттың өліміне қатысты істе бірінші сатыдағы сот куәгерлердің әрекеттеріне прокурордың назарын аудару туралы жеке қаулы шығарды, – деп хабарлайды POLITICO.KZ Aikyn.kz сайтына сілтеп.
Бүгінде апелляциялық сот жеке қаулыны өзгеріссіз қалдырып, үкім заңды күшіне енген.
Айта кеткен дұрыс, сотта куә болған Д.Жақсыгелді, Э.Нұрбекова, А.Казакенов және Ю.Рузбакиевтерге іс қозғалуы мүмкін екені бұған дейін де жария болған еді.
Алматы облысының прокуратурасы сот қаулысына байланысты қандай жұмыс атқарылғанын мәлім етті.
– Д.Жақсыгелді, Э.Нұрбекова, А.Казакенов және Ю.Рузбакиевтің әрекеттеріне қатысты сот шығарған жеке қаулы бойынша, облыс прокуратурасы оны ақпараттарды есепке алу кітабына тіркеп, процестік шешім қабылдау үшін құжаттар Алматы облысының полиция департаментіне жолданды, – дейді Алматы облысы прокурорының орынбасары Абылайхан Оңдасын.
Соңғы жаңалықтар





