Шерзат Полаттың әкесі қамала ма? — Бас прокуратура

Шерзат Полаттың әкесі қамала ма? — Бас прокуратура
11.06.2025 17:15
0
661
Фото: Видеодан кадр

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевтен Талғардағы жасөспірім Шерзат Болаттың өлімі ісі бойынша сотталғандардың туыстарының талабына сәйкес, марқұмның әкесі – Нұрымов Қаржаубайға қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін бе деген сұрақ қойылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Шерзаттың әкесіне қатысты іс қозғалуы мүмкін бе деген сұраққа Мәжіліс кулуарларында Әсет Шындалиев жауап берді:

"Мен тек күдіктілердің немесе басқа тұлғалардың туыстарының сөзіне сүйеніп пікір айта алмаймын. Қылмыстық іс қозғау үшін жеткілікті негіздер болуы керек. Істі қозғау туралы шешімді қылмыстық қудалау органы қабылдайды", – деді ол.

Сондай-ақ, Шындалиев Талдықорғанда өткен сот процесіне де пікір білдірді:

"Шерзат Полаттың өлімі ісі бойынша өткен сотқа келсек, үкім заңды күшіне енген жоқ. Барлық тараптың апелляция беруге әлі уақыты бар. Маған белгілісі – барлық қазақстандық процеске ашық түрде қатысуға мүмкіндік алды. Менің ойымша, сот сапалы, ашық және объективті өтті. Үкім шығару кезінде барлық айғақ пен куәгерлердің көрсетулері ескерілді. Мұндай ашық сот процестерінің мақсаты – соттың әділ өтетінін және ештеңенің жасырын еместігін көрсету", – деді Бас прокуратура өкілі.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий