Шерзат Полаттың ісіндегі куәгер қыздарға қатысты ақпарат жарияланды

Шерзат Полаттың ісіндегі куәгер қыздарға қатысты ақпарат жарияланды
13.10.2025 19:43
0
133

Шерзат Полаттың өліміне қатысты істе куәгер болған Д.Жақсыгелді мен Э.Нұрбекованың әрекетінде қылмыс құрамы жоқ. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов айтты, деп хабарлады POLITICO.KZ.

Оның айтуынша, ол жерде қылмыс құрамы жоқ. Олар куәгер ретінде өткен.

Қылмыстың іс жүзінде болғаны анық. Бастапқыда-ақ бәрін анықтап, ұстадық. Иә, қайғылы жайт, ауыр қылмыс. Бірден бастапқы баға бердік. Атап айтқанда, аталған азаматтарға қатысты қылмыс құрамы ол жерде болмады. Әрине, біз сот қаулысын алып, тыңғылықты қарап шықтық. Ол жерде қылмыс құрамы жоқ. Олар куәгер ретінде болды. Бұл басынан-ақ анық еді. Дегенмен тыңғылықты тексердік, — деді Ержан Сәденов Ішкі істер министрлігінде өткен Үкімет сағатынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Еске салайық, былтыр 4 қазан күні төбелестен 16 жастағы Шерзат Полат қаза болды.  Осыдан бірнеше күн бұрын Шерзат Полаттың өліміне қатысты істе бірінші сатыдағы сот Д.Жақсыгелді, Э.Нұрбекова, А.Казакенов және Ю.Рузбакиевтің әрекеттеріне прокурордың назарын аудару туралы жеке қаулы шығарды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий