Шерзаттың сотында шу шықты: куәгер қыз әдейі жалған айғақ берген
425
Куәгер ретінде сұралып жатқан екі қыздың бірі әдейі жалған айғақ берген, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұл туралы прокурор Дана Сәрсенбай айтты. Ол соттан "Шерзат ісі" бойынша басты куәгердің айғақтарына сыни баға беруді сұрады.
Прокурордың айтуынша, бұған дейін куәгер Эльмира Нұрбекова іс бойынша басты күдікті Абзал Шынасылдың Шерзатты пышақтағанын өз көзімен көргенін айтқан. Алайда куәгер кенеттен айғағын өзгертіп отыр деді прокурор.
"Нұрбекованың айғақтары әртүрлі. Соттан оның сөздеріне сыни көзқараспен қарауды сұраймын. Мен куәгер әдейі жалған айғақ беріп отыр деп есептеймін", - деді прокурор.
Сот өтінішті ашық қалдырып, шешімді кеңесу бөлмесінде қабылдайтынын айтты.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...
08.10.2026
21:34
Тележүргізуші: Балам түсіп қалсын деп мұздың үс...
08.10.2026
21:31
«Мектептің маңында жүр»: ШҚО тұрғындары жыртқы...