"Шешім қабылдадым": Жұлдыз Әбдікәрімова маңызды мәлімдеме жасады
257
Отандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова үйіне қатысты іс туралы сөз қозғап, бүгінде өзіне алаяқтар хабарласа бастағанын айтты. Қайрат Нұртастың келіншегі бұл жағдайдан кейін бір шешімге келіп, желіде маңызды хабарландыру жасады.
Жұлдыз Әбдікәрімова өзіне белгілі тұлғаның атын жамылып хабарласқан алаяқ туралы Instagram-дағы парақшасында айтты. Өнер иесі бұл жағдайдан кейін БАҚ өкілдерін жинап, үлкен баспасөз мәслихатын өткізуге ниетті екенін жеткізді.
Сенбі, жексенбі маған "парламенттен" деп біреу хабарласты. Әрине, алаяқ екенін бірден түсіндім. Оның айтуынша, сот мәселесі бойынша ісімді шешіп бере қалмақшы. Алаяқ болғанда да су жұқпас, әккі екен. Лауазымды адамның атын жамылып, қорықпай банк шотын беріп, дәл қазір қомақты соманы аудара қалыңыз. "Шеф" өзі айналысып жатыр деді. Оның командасы менімен кездеспей, мәселені біліспей, қалай қорықпайды деген сұрақ болды. Ақпарат іздей бастадым. Түйсік алдамады, әрине, алаяқ болып шықты. Осындай қоңыраулардың көбеюіне байланысты мынадай шешім қабылдадым. Алдағы уақытта БАҚ өкілдерін жинап, баспасөз-конференциясын өткіземін. Сот барысы бойынша барлық ақпаратты бөлісіп, осы алаяқтық туралы айтамын. Лауазымды адамның атын жамылып, маған хабарласқан адамның аты-жөні, нөмірі және кімнің атына кір келтіріп жүргені туралы да ашық айтамын. Мен бұл істі жай қалдырмаймын. Барлық жазбаны дәлел ретінде сақтап қойдым. Анықтаймын", - деп жазды Қайрат Нұртастың келіншегі.
Соңғы жаңалықтар
11.04.2026
09:17
Тоқаев Трампты «Артемида-2» миссиясының сәтті а...
10.04.2026
18:35
Атыраудағы педофил әкімнің туысы болып шықты
10.04.2026
17:30
Жетісу облысында бұрынғы жігітін бопсалап, 25 м...
10.04.2026
17:15
"Адал іс емес": Алагөзовтерді сынаушылар көбейді
10.04.2026
16:48
«Қазақмыс» Жамбыл облысындағы 250 отбасыға көме...
10.04.2026
16:10
"Іздеп барған": Ақбаян Мұқанғалиева туралы журн...