Шетелдіктер Назарбаев университетінің пәтерінде қару-жарақ сақтаған ба

21.04.2026 13:06 Әсел Мұрат
Шетелдіктер Назарбаев университетінің пәтерінде қару-жарақ сақтаған ба
294
Фото: ашық дереккөз

Астанадағы «Хайвил» элиталық тұрғын үй кешенінде орналасқан Назарбаев университетіне қарасты пәтерлердің бірінде екі шетелдік азамат қаруға ұқсас заттармен ұсталды, деп хабарлайды Politico.kz. 

Оқиға жөнінде мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Threads әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

«Неліктен Назарбаев университетінің үкіметтік ғимараттарға қарсы бетте орналасқан «Хайвилдегі» пәтерінде шетелдіктер мылтықтар мен тапаншалардан тұратын арсеналды сақтаған?» – деп жазды депутат.

Редакция Астана қаласының полиция департаментіне ресми сауал жолдады.

Полиция департаментінің мәліметінше, әлеуметтік желілерде тараған шетелдіктердің қару-жарақ арсеналымен ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

Алайда тұрғын үйге белгілі бір заттарды кіргізу дерегі тіркелген. Қырағы тұрғынның хабарламасынан кейін оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жеткен. Тексеру барысында жәшік ішінде тарихи әрі мәдени құндылығы бар антикварлық қару-жарақ бұйымдары болғаны анықталды.

Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, олар қазіргі заманғы атыс қаруына жатпайды.Тұрғындарға ешқандай қауіп анықталған жоқ.

Сонымен қатар аталған дерек бойынша қолданыстағы заңнама шеңберінде тексеру жүргізіліп жатыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий