"Шетелге барып, атымды шығаруға болар еді". Мақпал Жүнісова еліне махаббатын жеткізді
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова туған ел тақырыбын қозғап, жан сырын ақтарды. Өнер иесі өзге әріптестері секілді неге шығармашылығын шетелде дамытпағанын түсіндірді.
Мақпал Жүнісова шетелде атын шығаруға мүмкіндігі болғанын жасырмады. Сөзінше, қаласа жолдасы ол үшін бәрін жасайтын еді. Алайда әнші шетелде танымал болудың орнына өз елінің қалаулысы атануды шешкен. Ол қазақ еліне деген махаббатын жеткізді.
"Қазақ елі үшін қызмет жасаған әншімін. Мына тұрған Мәскеуде де концерт беріп көрмеген адаммын. Мен тек Қазақстанды араладым. Ауылдарды, станцияларды аралап шықтым. Тіпті далада да, комбайнның жанында да ән салдым. Сондықтан еліме деген махаббатым өте биік. Өз жерімде өзімді суда жүзген балықтай сезінемін. Шетелге барып, сол жақта атымды шығаруға болар еді. Менде ондай жағдай болды. Жолдасым бастық болды. "Мені шетелге шығап, мына Мәскеуге апарып концертімді жаса" десем орындайтын еді. Бірақ мен ондайға бармадым. Алдымен өз елімнің батасын алайын дедім. Өз елімде қазақтың әнінің шыңына шығайын дедім", - деді өнер иесі "Оян" бағдарламасына берген сұқбатында.
Ақпарат nur.kz сайтынан алынды.