Шоуменнің «интим-тренерден сабақ алған» әйелі бар құпияны жайып салмақ
991
Танымал шоумен, актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің жақында ғана ажырасқан әйелі, блогер Фариза Алмасқызы тағы да шулы жазба жариялады.
Мен бәрін ашып жайып салсам, жерге кіретін тесік таппай қаласың ғой. Оны өзің де білесің. Біреудің айыбын ашпа деген қағиданы қатты ұстанып едім. Бірақ ақыма кіріп жатыр. Шыдамның да шегі бар. Керек емес жерде сабыр қылғанның өзі – харам. Кәдімгідей ақыма кіріп тұр. Маған ауыр тиіп жатыр. Үндемеді деген сөз – білгенімді істеп, аузыма келгенімді оттай беру емес. Түнде сұхбатты көріп, қатты ауыр тиді. Соншалықты екіжүзді бола ма екен?! Азанға дейін ұйықтай алмадым, – деп жазды келіншек Instagram-дағы парақшасына.Еске сала кетсек, Фариза Алмасқызы бұған дейін екеуінің ажырасу себебін де айтқан болатын.
Бір күні атам екеумізді шақырып алып, «Нұрсұлтан – өнер адамы, қатын табылады, ажырасыңдар» деді. Енем де мені жамандап, қостай кетті. Содан бөлек кеттік. Ажырасыңдар деген адаммен қалай бірге тұрасың? Сосын балама келсек, Айсұлтан – диагнозына қарай агрессивті бала. Оның ашуланып, жылағанын жаймен қабылдаймын. Бірақ атамның үнемі айқайлап, «оны ұру керек, мұндай балаларды ұрып тәрбиелемесе, бетімен кетеді» деген сөзі қатты батқан жүрегіме, – дейді блогер.
Соңғы жаңалықтар
14.08.2026
23:59
Ақын Бекжан Әшірбаев өмірден өтті
14.08.2026
23:14
Алматыда жаппай жарық өшкенде «Сергек» айыппұл ...
14.08.2026
23:05
Ирина Раззах: 9-кезеңде қан, жүрек және көз аур...
14.08.2026
22:50
2044 жылға дейін баю үшін қай салаға бару керек?
14.08.2026
22:02
Тамара Асар күйеуінің марқұм ұлы туралы: Аналық...
14.08.2026
22:02
40 мың адам күткен концерт болмай қалды: Канье ...