ШҚО-да квадроцикл мінген ер адамды өзеннің қатты ағысы алып кетті
Шығыс Қазақстан облысында өзеннен квадроциклмен өтіп бара жатқан ер адам суға ағып кеткен, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Қайғылы жағдай кеше, 31 тамыз күні болды. Екі адам Кедровка өзенінен өтпек болған. Бірақ қатты жаңбырдың салдарынан өзендегі су деңгейі көтеріліп, қайғылы жағдайға әкеп соқтырды. Ер адамның бірі жағаға шығып үлгерген, ал екіншісін ағыс алып кетті.
Оқиға туралы құтқарушыларға хабарланды. Риддер қаласындағы құтқарушылар іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Құтқарушылар 1961 жылы туған ер адамға іздеу салынғанын хабарлады.
«Іздеу жұмысын қатты ағыс күрделендіре түсуде», - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
19.10.2026
12:12
«Ресейде оған ешкім тиіспес еді»: есірткімен ұс...
19.10.2026
11:54
«Ондай толық емеспін»: Мәдина Сәдуақасова сынға...
19.10.2026
11:50
ҰҚК интернет алаяқтыққа қатысы бар Қытайдың 13 ...
19.10.2026
11:38
30 жыл бұрын бір топ жігіт зорлаған: Наташа Қал...
19.10.2026
11:08
Ресейде маймыл шешегі анықталды: Қазақстанға жұ...
19.10.2026
11:02
Жұмысшыларды ереуілге итермелеген бе: Жаңаөзенд...