Шулы оқиғадан соң қызметіне оралған Lexus мінген полицей парамен ұсталды

19.02.2026 13:06 Арман Ермеков
Шулы оқиғадан соң қызметіне оралған Lexus мінген полицей парамен ұсталды
293
Lexus мінген полиция қызметкері / Фото: бейнеден кадр

Қостанайда шулы оқиғадан кейін сот арқылы қызметіне қайта оралған полиция қызметкері Ермек Жуанышбаевтың ірі көлемде пара берді деген күдікпен ұсталды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Politico.kz.

«Бірнеше күн бұрын қызметіне қайта оралған полицей делдал ретінде Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы бастығының орынбасарына пара беріп жатқан жерінде ұсталды», – деп мәлімдеді HALYQSTAN арнасы.

Арна мәліметінше Жуанышбаев академия тыңдаушыларынан емтиханды сәтті тапсыру үшін жиналған ондаған мың доллар көлеміндегі қаражатты апарып берген. Қазіргі уақытта күдіктілердің екеуі де қамауға алынған.

Редакциямыз бұл ақпараттың рас-өтірігін анықтау мақсатында құзырлы органдарға сауал жолдап, ресми жауап күтіп отыр.

Еске салайық, 2025 жылдың басында Қостанай, Әулиекөл, Сұрған тасжолында Lexus LX 600 көлігінің жүргізушісі мен патрульдік полиция қызметкерлері арасында дау шыққан болатын. 4 ақпанда тараған бейнежазбада жүргізуші жылдамдықты асырғаны үшін өзін тоқтатқан сақшыларға ауыр сөздер айтып, полицияда 11 жыл жұмыс істегенін айтқан. Кейінірек бұл азаматтың Ішкі істер министрлігіне қарасты Қостанай академиясының магистратурасында оқитыны белгілі болды.

Осы оқиғадан кейін қызметтік тексеріс жүргізіліп, ол құқық қорғау органының беделіне нұқсан келтіргені үшін оқудан шығарылып, жұмыстан босатылған еді. Алайда Ермек Жуанышбаев бұл шешіммен келіспей сотқа шағым түсірді. Сот істі қарау барысында тексерістің заң бұза отырып өткенін, капитанның еңбекке жарамсыздық парағында болғаны ескерілмегенін және оған өзін қорғау құқығы берілмегенін анықтады. Сонымен қатар сот жазаға негіз болған бейнежазбада монтаж белгілері бар деген тұжырымға келіп, бұйрықтардың күшін толығымен жойды. Нәтижесінде ол полициядағы қызметіне қайта оралып, сот оған амалсыз бос жүрген уақыты үшін 631 417 теңге өтемақы төлеуге қаулы еткен болатын.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий