Шығыс Қазақстанда ер адам өзімен бірге тұратын әйелді өлтірген

27.08.2026 • 12:54 Әсел МҰРАТ
Шығыс Қазақстанда ер адам өзімен бірге тұратын әйелді өлтірген
578
Фото: ашық дереккөз

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауылында 23 тамызда 31 жастағы әйел мен 36 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Полицияның алдын ала мәліметінше, әйел алған дене жарақаттарынан көз жұмған. Оған жарақатты мас күйінде болған бірге тұратын ер адам салған. Осыдан кейін ер адам өз-өзіне қол жұмсаған.

Оқиғаға байланысты қылмыстық істер қозғалды. Полиция қайғылы жағдайдың барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий