Шығыс Қазақстанда сарбаз өзін атып өлтірді

Шығыс Қазақстанда сарбаз өзін атып өлтірді
Pexels.com

Өскемен қаласында мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген сарбаз қаза тапты, деп хабарлайды Politico.kz.

Құрлық әскерлері баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 3 қаңтар күні Өскемен гарнизонында орналасқан әскери бөлімдердің бірінде болған.

«Қарауыл қызметін атқару кезінде мерзімді әскери қызметкер өзіне бекітілген қарудан өзін-өзі атып жіберген. Алған жарақаттарынан ол оқиға орнында көз жұмды», – делінген ресми хабарламада.

Марқұм сарбаз өткен жылдың сәуір айында әскер қатарына шақырылған.

Аталған дерек бойынша Ішкі істер министрлігі Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының Өскемен бөлімі қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу барысы Өскемен гарнизонының әскери прокуратурасының бақылауында. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат әзірге жарияланған жоқ.

Қорғаныс министрінің тапсырмасымен оқиға орнына вице-министр Асқар Мұстабековтің жетекшілігімен арнайы комиссия жіберілді.

Қорғаныс министрлігі мен Қарулы күштер қаза болған сарбаздың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Отбасына қолданыстағы заңнамаға сәйкес қажетті көмек көрсетілетіні хабарланды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу