Шымкент әкімі орынбасары Берденовке жасалған қастандыққа қатысты алғаш рет тіл қатты

11.12.2025 14:45 Арман Ермеков
Шымкент әкімі орынбасары Берденовке жасалған қастандыққа қатысты алғаш рет тіл қатты
0
475
Фото: ашық дереккөз

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков өзінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандыққа қатысты ұзақ уақыт бойы неге үнсіз қалғанын түсіндірді, деп хабарлайды Politico.kz сайты Informburo.kz порталына сілтеме жасап.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер мегаполис басшысынан әлеуметтік желідегі сыни пікірлер жөнінде сұрады. Қолданушылар әкімнің қанды оқиғадан кейін бірден пікір білдірмеуін қатыгездікке балаган болатын. Алайда, қала басшысы мұндай айыптаулармен келіспейтінін жеткізді.

«Бұл жерде қатыгездіктің не қатысы бар? Мен әкім ретінде қылмыстық немесе әкімшілік болсын, кез келген іске араласуға құқығым жоқ. Себебі бұл үшін арнайы органдар бар. Шешім қабылдап қойған сот бар. Қызметкерлер өз жұмысымен айналысып жатқандықтан, менің қандай да бір пікір айтуға еш құқығым болмады. Әрине, бұл ең алдымен процестің барысына кедергі келтірер еді. Және мен осыған бола хейтерлер көп болды деп айтпас едім. Ол жақта ешқандай өшпенділік болған жоқ. Мүмкін, біреулер айтқан шығар», – деп жауап берді Сыздықбеков.

Оның айтуынша, екі миллионнан астам тұрғыны бар қалада әркімнің жеке көзқарасы болуы заңдылық.

«Бос уақыты көп, жай ғана ерігіп пікір жазатын адамдар қашанда табылады. Сондықтан ол жақта қандай да бір хейт болды деген пікіріңізбен келіспеймін. Күзет күшейтілді. Арнайы полиция полкі күзетеді, бәрі тиісті деңгейде», – деді ол.

Еске сала кетейік, оқыс оқиға осыдан 7 ай бұрын болған еді. Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке әкімдік ғимаратының маңында оқ атылды. Тергеу мен сот процесі аяқталып, 20 тамыз күні шабуыл жасаған Ернар Жиембай кінәлі деп танылды. Сот үкімімен ол 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий