Шымкентте экс-депутат Руслан Берденовты атып кетті

21.04.2025 • 22:57 Admin
Шымкентте экс-депутат Руслан Берденовты атып кетті
868
Фото: gov.kz

Жуырда Шымкентте қала әкімінің орынбасары болған Руслан Берденовты атып кетті, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Шенеунік жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Шабуылдаушы ұсталды. 

«Достар, әріптестер, Руслан Берденов тірі. Ол қазір отада. Оған үш рет оқ атылды, екі оқ кірді. Өмірлік маңызды мүшелер зақымдалмады», - деп жазды блогер Бейбіт Әлібеков. 

Осы лауазымға орналасқанға дейін Руслан Берденов Мәжіліс депутаты болған еді. 

Войдите, чтобы оставить комментарий